ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

Аз ғана уақыт бұрын «қаржылық сауаттылық» ұғымы бұқаралық сипат алмаған, кәсіпкерлер мен шенділердің ішіндегі кішігірім ортаға ғана таныс еді. Ендігі бәрі өзгерді.

Қаржының көзін тауып пайдаланудың маңызын еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін түйсіне бастады. Ұғынғысы келемейтіндер де шаш етектен. Неге?

Қазақстан халқының ақша, қаржыға  байланысты сауаттылығы   кезіндегі Ахмет, Ыбырай аталарымыздың жұртшылыққа әліпбиді алғаш үйреткен  кездегі  деңгейінде секілді. 

Әрине оның алғышарттары көп. Тарихи, әлеуметтік, саяси фактор жетерлік. КСРО-ның социалистік, үкіметке сенген идеологиясынан шығып, капиталистік ережені бірден ұғып кету қоғамға оңайға соққан жоқ.

Жасыратыны жоқ, жаңадан велосипед ойлап табатын заман емес, озық елдер үлгісіне еріксіз үңілеміз. Ал дамыған елдердің көбінде қаржылық сауаттылық бесіктен басталады. Жауапты ата-ана туа салған перзентіне есеп-шот ашып жанталасады. Өзінің айлық шығынын есептеп, келешекке көздеген межелі сомасын жоспарлап, соның жолында еңбектенуге тырысады.

Бірақ мұның барлығы ақшаға мықтылықтың бастапқы әліпбиі ғана. Кәнігі білгіштер тапқанын  жерге салып, ұлғайтуды да біледі. Жер қазып, күрек көтермей-ақ, қолындағы барын дұрыс бағыттап та табысын туралап отыр. Бұл дегеніңіз – дұрыс инвестиция, дұрыс салымдар жасау.

Қазақстандағы қаржылық сауатсыздықтың мен аңғарған бірнеше салдары бар. Бұл тіпті «Мақта қыздың» оқиғасын ойға оралтады. Неге десеңіз, дәл осы қаржыны игі пайдалана алмаудан – соңғы қойын тойға сойды, несиеге жаппай байланып, төлей алмағаны түрлі ауруға тап болып, бар мүлкінен айырылумен қоса, өмірмен қош айтысқаны қаншама.

«Ауру қалса да, әдет қалмайды» демекші, негізсіз қарыздану, орынсыз несиеге ұрыну, қанға сіңіп, атадан-балаға мұра болып барады. Әрине, негізінен бала отбасындағы мызғымас қағидаларды сіңіріп, өзі жанұя құрса да сол үрдістерді қайталайды. Осы орайда, қаржылық сауаттылықты арттырудың айрықша маңызын ескертудің өзі артық.

Хош! Сонымен, «қаржылық сауаттылық» дегеніміз не?

Ең алдымен, әрине еңбектеніп ақша табу. Сол деңгейге сай ғана шығындану. Тұтынушылық қабілетіңді қаржы табу қабілетіңмен теңестіру. Әдетте бізде қаржы табу төмен, ал тұтынушылық талабы таудай боп жатады. Жоспарсыз несиеге бас ұрмау. Жалпы несиені тек өзіңе табыс әкелетін кәсіпке ғана алу. Мысалы, табысыңды:

деп нақ бөліп жаратса, бүгінгі тығырықтан шыға алар едік. Той мен «Айфон» үшін соңғы тиынын жаратып, несиеге кіре берсек, халықтың халі мүшкіл болып қала бермек.

Жоғарыдағы қағидаларды сақтап, байып кеткен жағдайда, дұрыс салымдар мәселесі кесе көлденеңдеп шығары анық.

Ендеше, «өкімет өлтірмейдіге» сүйеніп, ел айтқанымен, биліктен естігенмен жүрмей, нарықты жіті зерттеу керек. Елдегі түрлі компаниялар акцияларын, облигацияларын, пайыздық мөлшерлемелердің тиімді, тиімсіз тұстарын зерттеген абзал.

         Ойымызды біздің нарықта озықтардың біріне айналған «TAS FINANCE GROUP» компаниясының серіктес басқарушысы Руслан Вячеславовичпен қаржы саласындағы құрылғылар төңірегіндегі сұқбатымен толықтырсақ:

Руслан мырза, «TAS FINANCE GROUP» компаниясының қызмет аясына қысқаша тоқталып өтсеңіз.

– Біздің компания 11 жыл бойы халыққа автокөлік кепіліне шағын несие беру түрінде қаржылық қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта біз өз қызметіміздің көшбасшысы болып табыламыз, соңғы 5 жылдағы біздің көрсеткіштеріміз  туралы айтатын болсам: кредиттік қоржынның өсуі 3050% — ды құрады, 150 000-нан астам клиенттерге кредиттер берілді, Қазақстан бойынша 18 000 белсенді клиенттеріміз, 33 бөлімшеміз бар, біздің штатымыз 280 қызметкерден тұрады. Екінші қызметіміз «Astana International Exchange» биржасында бағалы қағаздарды орналастыру арқылы инвестициялар тарту болып табылады. AIX акционерлері АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ биржасы болып табылады.

Банк  депозиттері мен «TAS FINANCE GROUP» облигацияларының айырмашылығы неде, осыны  түсіндіріп беріңізші?

– Егер қорда артық ақша болса, ол қаражатты біз  жеке инвесторларға, тұрақты және жоғары табысты компанияға салуды  ұсынамыз. Депозит пен облигациялардың арасындағы айырмашылықты былайша түсіндіріп өтейін, біріншіден : депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі қазіргі кезде жылдық 10% — дан 13,5% — ға дейін, облигациялар бойынша мөлшерлеме жылдық  20% — ды құрайды. Екіншіден: депозит мерзімінен бұрын жабылған кезде, көп жағдайда сіз жинақталған сыйақыны жоғалтасыз, ал облигацияларыңыз болса сізге барлық жинақталған купондық сыйақы төленеді. Үшіншіден: облигациялардың кіріс деңгейі жоғары, алайда сіз оның аса қауіпті, қиын құрал екенін түсінуіңіз керек, бұл тұрғыда қаржылай сауаттылық өте жоғары болған жағдайда ғана көп табыс әкеледі. Сондықтан да облигация депозиттен тиімді болып табылады.  Бірақ Қазақстандағы депозиттер ұлттық валютада 10 және 5 миллион теңгеге дейін шетел валютасындағы баламада «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ кепілдендіруге жататынын жасырмаймын.

 – Руслан мырза , бірінші кезекте бастаушы инвестор нені білуі және есте сақтауы тиіс?

–  Инвестициялау – бұл қарапайым табыс түрі емес, сондықтан алдымен кем дегенде қандай да бір бастапқы оқудан өту керек. Тарихты зерделеу, белгілі бір бағалы қағаздарды байқау, қор нарығының құрылымын түсіну маңызды. Сіз соңғы ақшаны ешқашан  инвестицияламауыңыз керек: инвестициялау әрқашан оң нәтиже  бермейді. Нақ инвестор болғыңыз келсе, бере алатын, айырылып қалсаңыз өкінбейтіндей  қаржының шегін  айқындап алыңыз. Сондай-ақ ешқашан эмоцияның жетегінде кетпеу керек, сабырлылық – басты қару. Күйгелектікпен көп қателіктерге жол бересіз. Қаржы саласында мынандай нақылды айтып өткім келіп отыр: «Барлық жұмыртқаны бір себетке салмаңыз» деген. Сол сияқты инвестицияны да бірнеше бөлікке бөліп, әр түрлі жодарға бөліп салып, тәуекел ету керек. Бір есте сақтайтын нәрсе, ешқашан  пайыз табыс табамын деп сенбегеніңіз абзал. Бұл да бір ақылдылардың құмар ойынының бір түрі деуге келетін сияқты. 

Қаржы пирамидасында қалай ақшаңды жоғылтып алмауға болады?

– Бұл қазіргі таңда  өте өзекті және өткір мәселе. Қаржы пирамидасы – тиімді инвестицияларды өзіне  магнитше тартатын  жалған жоба. Оларда қаражат үнемі жаңа қатысушыларды тарту арқылы түседі. Олар ақша жасайды, содан кейін жаңа адамдарды тартады, осылайша  пирамида өседі. Бұл жағдайда пирамиданың жоғарғы жағы шынымен ақша таба алады. Ал төменгі жақтағы ақша салып енгендер ештеңе алмайды, олар өз ақшаларын бір сатыға жоғары тұрғандар үшін құрбан етті деуге болады. Бүгінгі таңда пирамиданы тану өте қиын, өйткені олар қарапайым қаржылық немесе инвестициялық компанияға ұқсайды. Құрылымы, кеңсесі, қызметкерлері, олардың  ұсынатын өнімдері бар, тек ақша түрінде ғана емес, сонымен қатар круизге жолдама алу, белгілі бір уақыттан кейін автокөлік немесе пәтер алу сынды ұсыныстары көп.

Қаржы пирамидасын қалай тануға болады? Олар өте жоғары пайызбен, нарықтан әлдеқайда жоғары, кепілдендірілген табысқа уәде беріп, достар мен туыстарды белсенді түрде тартуды сұрайды. Сонымен қатар, олар сіздің ақшаңызды қандай-да бір жобаға салу туралы ақпаратты презентацияларда немесе әдемі буклеттерде көрсетеді.

— TAS FINANCE GROUP  компаниясындағы инвестициялық өнім туралы толығырақ айтып берсеңіз.

– «TAS FINANCE GROUP» компаниясы «Astana International Exchange» биржасында номиналы 1 миллион теңгелік, жылдық 20% тіркелген купондық мөлшерлемемен, тоқсанына бір рет купон төлей отырып, 4000 дана мөлшерінде бағалы қағаздарды шығарды, облигациялардың мерзімі 30.12.2021 жылға дейін, кері сатып алу кепілдігі бар. Бүгінгі таңда бағалы қағаздардың 60% — дан астамы орналастырылған. Тартылған қаражат «TAS FINANCE GROUP» автокөлік кепіліне, сондай-ақ біздің компанияны дамытуға шағын несиелер береді.

– Қаржы саласында көшбасшы болу үшін компания қандай жақсы қасиеттерге ие болуы керек деп ойлайсыз?

 – Бір нәрсені айтқым келеді, көшбасшы болу үшін қандай сала екені  маңызды емес, бүкіл команда  менеджерден Бас директорға дейін ойлары үндесуі керек, құндылықтар мен қағидаттарды ұстануы үшін бір бағытта өмір сүріп, жұмыс істеуі қажет, дәл біздің «TAS GROUP» командасы сияқты деп ойлаймын.

Біздің Құндылықтарымыз:

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – қарызданбайтын, сан соқтырмайтын жол іздесең, салың суға кетпей, қаржылық сауаттылықты жіті меңгеру керек. Барлығын  басынан  тура бағыттауға бейімдеуіміз керек.