ҚР МҚҰ-ның жиынтық несие портфелі 838 миллиардтан асты

2022-8-11 22:10

ҚР микроқаржы нарығы тұрақты әрі қарқынды түрде өсуде. Мәселен, ҚР МҚҰ-ның несие портфелі ағымдағы жылдың екінші тоқсанының соңында 838,3 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 58% — ға артық. Ал соңғы 5 жылда ҚР МҚҰ микрокредиттерінің көлемі бірден 6,4 есеге артты.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің микроқаржы ұйымдарын лицензиялауды енгізу салаға оң әсерін тигізді. Енгізілген өзгерістер нарықтың жандануына ықпал етті. Бес жыл бұрын елімізде 146 МҚҰ болса, бір жыл бұрын ҚР-да 217 МҚҰ тіркелді.
2022 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша МҚҰ несие портфелі бойынша ең ірі ондықтағы тізімде KMF көш бастап тұр. Компанияның микрокредиттерінің көлемі 191,3 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,1% — ға артық. Екінші және үшінші қатарларды MyCar Finance және «Тойота Файнаншл Сервисез Казахстан» автомобильдер кепілімен автокредиттеу нарығында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары алады: 124,5 млрд және 123,1 млрд теңге.
Биылғы бірінші жарты жылдықтың өзінде қаңтар оқиғасы мен одан кейінгі болып жатқан геосаяси дағдарысқа қарамастан ҚР МҚҰ микронесиелері 141,9 млрд теңгеге өскен.